ЖШС "АЛТЫН БЕСІК" БАЛАБАҚШАСЫ
ЖШС "АЛТЫН БЕСІК" БАЛАБАҚШАСЫ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп 2024 жыл

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп

 

Қосшы қаласы бойынша "Алтын бесік" балабақша жауапкершілігі шектеулі серіктестігі"  2024 жыл

 

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

1. көрсетілетін қызметті алушылардың шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз тең қол жеткізуі;

2. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюрократия мен әуре сарсаң көріністеріне жол бермеу;

3. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік және ашықтық;

4. мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру;

6. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

Ақмола облысы Қосшы қаласының "Алтын бесік" балабақша жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою"
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны –электрондық (ішінара автоматтандырылған/қағаз / проактивті/ "бір өтініш"қағидаты бойынша көрсетілетін

2024 жылы -44 қызмет көрсетілді, оның ішінде ақпараттық жүйе арқылы "akmola.kz" - 44, "электрондық үкімет" порталы арқылы-0.

"Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау"
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны-электрондық (ішінара автоматтандырылған/қағаз түрінде)

2024 жылы ақпараттық жүйе арқылы -44 қызмет көрсетілді akmola.kz-44, оның ішінде мемлекеттік орган арқылы -0.

2024 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Қосшы қаласының балабақшасы "Алтын бесік" ЖШС жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

 

Байланыс ақпараты:

Қосшы қ. Қожа Ахмет Яссауи көшесі 10, "Алтын бесік" балабақша жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ақмола облысының білім басқармасы, телефон нөмірлері: 8 702 411 48 14, электрондық мекенжайы 1982_aigul_14mail.ru

Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады.

 

"Алтын бесік"балабақшасының меңгерушісі:

Қайруллаева А. З


Текст